Өндірістік тәжірибе-2.

Биыл 4 курс студенті болғандықтан, өндірістік тәжірибе-2н і Мағжан Жұмабаев атындағы лицейде өтетін болдым. Былтыр да осы мектепте сабақ берген болатынмын, мұғалімдерді және оқушыларды, жалпы мектепті танитындықтан бәрі жақсы болады деген үміттемін.

Тәжірибенің бірінші күні мені 9 «А» сыныбына бекітті, сабақтарында алдыңғы аптада отырып шықтым. Сыныпта 21 оқушы, бәрімен танысып үлгерлім десем болады. Тәртіпті балалар, ағылшын тілінде жақсы сөйлейді, сабақта белсенді қатысып отырады. Наурызда ВОУД тапсырады екен, соған орай ағылшын тілі мұғалімі Ақмарал Нұрқановна маған ВОУД-қа дайындыққа тест дайындауға тапсырма берді. Өткен аптаның жұма күні солармен сабақтан кейін отырып, тестілеулерін тексердім. Жалпы үлгерімдері жаман емес😊 

Комментариев: 0

Bloom’s Taxonomy can be a powerful tool to transform teaching and learning.

Bloom’s Taxonomy can be a powerful tool to transform teaching and learning.

By design, it focuses attention away from content and instruction, and instead emphasizes the “cognitive events” in the mind of a child. And this is no small change. For decades, education reform has been focused on curriculum, assessment, instruction, and more recently standards, and data, with these efforts only bleeding over into how students think briefly, and by chance. This means that the focus of finite teacher and school resources are not on promoting thinking and understanding, but rather what kinds of things students are going to be thinking about and how they’ll prove they understand them. 

Bloom's taxonomy was developed to provide a common language for teachers to discuss and exchange learning and assessment methods. Specific learning objectives can be derived from the taxonomy, though it is most commonly used to assess learning on a variety of cognitive levels. 

                                 

Комментариев: 7

Өндірістік тәжірибе 1. extra 3.0. Rehearsal 6 A

АлохаБүгін екінші рет көрсетілімге дайындалдық. Сөздерді жаттап алыңдар деп кеше келісіп едік, 8 оқушының екеуі жаттамаптыБірақ, әлі уақыт бар ғой, точнее екі күн бар. Жұма күні көрсетілім болады. Біз оның қайда болатынын да білмейміз! Кішкене абыржып тұрмын, ертең қалай бәрі болады екен деп. Акмарал Нұркановна ештеңе етпейді, жаттап алады, бәрі жақсы болады дейді. Бүгін колледждің ағылшын тілінен практиканттары болды. Бүкіл сценарийді өзім дайындап бергеннен соң, оларға декоративтік жағдай жасасын деп мұғалім тапсырма берді. Жалпы, жақсы қыздар. Ертеңге дейін бәрі дайын болады деді. Сол. 

Жалпы, бәрі жақсы ойнауға тырысады, рөлге кіріп. Әсіресе, Жанель, Жанар, Лилия мен Дарина өз сөздерін жаттап күшті ойнап берді бүгін. Соған риза болдым. Күлше қызымызды ойнайтын Рамина сөзін жаттамаған, қолына қағаз ұстап, содан оқып ойнап көрді. Ханзада Арсен де солай істеді.  Рамина күле берді Арсенге қарап, «бойы аласа ғой, тәте» дейді жымиып. Қысқасы бәрі күлді де, серьезный болуға тырысты да 

 

Комментариев: 0

Өндірістік тәжірибе 1. Another Cinderella Story - сказочный карнавал.

Осы аптада практикант-студенттер әр сынып үшін бір ертегіні 7-10 минутқа созылатындай адаптировать етіп оқушылармен сахналық көрініс өткізу керек. Мен Cinderella-ны таңдадым. Сценарийді балалар үшін оңай, бірақ қиын қылып жазуға тырыстым. Бүгін бәріне сөздерін дайындап әкелдім, бөліп бердім. Алдыңғы аптада бейсенбі күні мұғалімге сценарийді көрсетіп, ол кісі сол ертегіні көрініс ретінде қоюға рұқсатын берген. Жұма күні көрсетілім болады. Ертең алғашқы дайындық күні. Сәттілік менің әріптестеріме, маған және менің детиларыма^^ Файтинг!

\

Комментариев: 2

Өндірістік тәжірибе 1. Observation/feedback

Осы біз сабақ берген 2 апта бойы мен группамыздағы 3 студенттің сабағында отырдым. Өкінішке орай, барлығында отыруға мүмкіндік болған жоқ уақыт сәйкес келмеген соң. Мен сабақ өткізіп жатқан кезімде олар да сабақ өткізіп жатты. 

Бірінші сабақ Асель Бахтибаеваның сабағы 5 "ә" сыныбы. Сабақ алғашқы ретке жақсы өткізілді. Әрине, недочеттар болды, қобалжығандықтан болар. Оқушылар да активно қатысып отырды, Асельдің How often do you? атты грамматикалық ойыны маған өте ұнады, себебі оқушылар үшін ол тема жаңа болды, және соның арқасында олар жаңа теманы ұға бастады, ал түсінгендері өздерінің үйренген білімдерін көрсете білді сол ойын арқылы. 

Екінші сабақ Назерке Оспанның сабағы 5«а» сыныбы. Алғашқы ретке жаман емес. Кішкене қобалжығандықтан назерке шашылып қалды-ау деймін. Бірақ 40 минут бойы сабақ жақсы өтті, рефлекшнды жасауға Назерке уақыт тапты. Уақытты үнемдегініне Назеркеге 100 бал беруші едім. Бір недочет, сабақта ақырын сөйледі. Алда дауысын шығарып сөйлесе вообще қатып кететін болады. 

Үшінші сабақ Жанерке Батанның сабағы 6 «а» сыныбы. Алғашқы ретке жаман емес. Бірақ сабақта target language-ды басым қолдану керек, орысша түсіндіргені бір жағынан дұрыс болмады. Грамматикалық ережені бірінші ағылшын тілінде, сосын бірақ қазақша не орысша түсіндіру керек еді. Келесі сабағында уақыт үнемдесе тіптен жақсы болады. Жалпы алғашқы сабағы жақсы өтті.

Комментариев: 0

Өндірістік тәжірибе 1 extra. 2.0 observation

Балаларды бақылап жүрген аптада, Акмарал Нуркановна үлгермей жатқан оқушыны ағылшын тілінен факультативте қалдырып жүрді. Сол баланы маған тапсырды. Әмір деген бала. Осы жылы ауысып келіпті лицейге. Жаңа оқушы болғандықтан ба, білмеймін, жалғыз жүреді екінші тоқсан өтсе де. Сол баламен таныса келе, оның деңгейі әлі A1 мен А2 арасы екенін білдім. Бірнеше рет сабақтан кейін қалып, сол баламен жұмыс істедім. Бәрін почти басынан түсіндіруге тура келді. Жай сөздерді біледі, түсінеді. Бірақ, сөйлем құрау жағынан қысылыңқырайды. Ең әлсіз жері ағылшын тіліндегі шақтарды білмеуінде болды. Сол шақтарды түсіндіріп, сөйлем құрап үйрендік. Тағы as soon as..., the least, the most, more сияқты конструкциялармен жұмыс істедік. салыстырмалы шырайды үйретемін деп, басым қатты. Қазақша оңды түсінбеген соң орысшаға ауысып, енді орысша түсіндірейін. Орысша грамматиканы да жарытып білмейді екен, соған қарап дал болдым. Әзер background knowledge-ді қолданып, critical thinking-ді іске қосып ойын/әзіл түрінде мысалдап түсіндіре бастадым. Түсіндің бе? деп сұрасам, «ия» дейді, практикага келгенде ақсаңдап қалады. Бірдеңе түсінген кезінде, мақтап-мақтап қоямынқанша мақтасам да қысылады, өзінің ағылшын тілін жақсы білмейтінінен ұялады-ау деймін. Сабақта аузына су құйғандай үндемейді, сұрамасаң. Жағдай осылай.

Комментариев: 0

Өндірістік тәжірибе 1 extra. 1.0 observation

4 апталық практиканың 1 аптасы жай өтті. Бүкілі қыстың аязының кесірінен. 2 аптада бізге оқушылардың сыртынан бақылауға уақыт берілді. Біз сол екінші апта бойы берілген сыныптың бүкіл сабағына қатысып жүрдік. Әсіресе, математика, тарих, орыс тілі және әдебиеті, ағылшын тілі, музыка сабақтары есімде күшті қалыпты. Балаларды сыртынан бақыладық, бірінші күннен бәрінің атын жаттап алдым. Бұзықтары да болды арасында енді. Оларсыз сынып сынып бола ма. Оқушылармен сөйлесіп жүрдік, сабақтарына барынша көмектестім. Байқағаным, сабақтары өте қызықты өтеді екен. Бірақ, балалардың сабаққа қатысуларын бақылап,  ынталары жоқ па, әлде әбден көкеген бе деп ойлап қалдым. Бүкіл дүние көз алдарында, барлық информация қолдарында, енді не керек?! Біздің кезімізде кітапты оқып, дір-дір етіп қорқып отырушы едік мұғалімнің алдында. Ал бұл оқушыларға ешкім ұрысып жатқан жоқ, ешкімнен қорықпайды. Жартысы сабақ оқымайды, кейде дайындалмай келеді. Әйтпесе, оқимын десе, оқитын балалар ғой. Эх, жағдай осылай. 

Комментариев: 0

өндірістік тәжірибе 1. Міне, бейсенбі де келіп қалды.

Бүгінгі сабақ әдеттегідей жақсы өтті. Сыныпта 2 адам болмады. Сейсенбі күнгі сабақтың жалғасы болғандықтан, бұл жолы біз speaking-қа көңіл бөлдік, себебі алдыңғы сабақта writing, reading-ға көңіл бөлінген еді. Әдеттегідей сабақ How's Jack атты сергіту сәтінен басталды. Сосын біз грамматиканы қайталадық. Кішігірім discussion өткіздім оқушылар арасында. Олар Are you a good friend? деген сұраққа жауап беруге тырысты. Сыныптағы оқушылардың көбі өздерін жақсы дос деп санайды екен. Кім өзін жаман дос деп айтады ендіЖалпы, балалар сабаққа белсенді болды, әрине бәрі емес. Мен бұл жолы алдыңғы сабақта жауап бермей, үндемей отырған оқушыларды көздеп алдым. Олардың маған сөйлегендері, түсінгендері және сол туралы дәлелдер керек болды. 5 оқушының үшеуі бұл жолы алға прогресс жасады. Бұл бір менің жеткен жетістігім. Тапсырмалар орындадық, pronunciation practice жасадық. Сабақты бүгін Акмарал Нуркановна мен қоса Ия-14қ группасының 1 студенті бақылап отырды. Сабақтың ортасында Майра Еренгаиповна сабақты бақылау үшін келді. Сол кісіден жақсы Feedback алдым десем болады. Жалпы сабақ жақсы өтті деді. Өзім inner Фаридаға «бұл жолғы сабағың жаман емес, келесісін одан да жақсы өткіз» деп қойдым. Байқағаным, Practice makes perfect деген мақалдың жаны бар екен 

Сабақтан кейін Бахтибаева Асельдің сабағына кіріп отырдым. Ол ойдағыдай өткізді. Жалпы жақсы қыз, болашақта күшті бір ағылшын тілі мұғалімі болатынына сенемін.

Комментариев: 0

Өндірістік тәжірибе 1. Сейсенбі күнгі сабақтың есебі

2018 жыл, 6 ақпан. Екінші рет мұғалім ретінде сабақ бердім. Сабақтың тақырыбы Great friends болды. Бұл тақырыпты екі кезеңге бөліп беру керек болған соң, сейсенбі күні ағылшын тілі 1 сағат қана болғандықтан,  1 кезеңін өткіздім. Үй жұмысы, Introduction, Grammar rules бәрі сол кезеңге кірді. Балалар жақсы қатысып отырды. Сабақтың басында warm up activity өткіздім, балалар сергіп, көңілдері көтеріліп қалды. \жалпы сабақ жақсы өтті. Сабақта 6 «А» сыныбының сынып жетекшісі әрі ағылшын тілі мұғалімі Ақмарал Нұрқановна, колледждің 5 практикант студенттері, біздің группаның екі студенті Батан Жанерке мен Оспан Назерке бақылап отырды. Колледж студенттерін көріп, сасып қалдым қоңырау кезінде. Сабақ басталғанда олар туралы тіпті ұмытып, еркін және сенімді сабақты жүргізе алдым. Менің бұл кейіпім мақтануға тұрарлық шын айтқанда. Target language-ді сабақта қолдандым, түсінбеген жерлерінде балаларға қазақ, орыс тілдеріне аударып, түсіндіріп беруге тырыстым. Ағылшын тілі сабағында ағылшынша сөйлеу басыс болуы керек қой, әр сөзімді түсіндірген сайын, балалардың тапсырманы, жаңа сөздерді түсінген-түсінбегенін білу үшін, аудармаларын сұрап отырдым. Менің ойымша бұл өнімді тәсілдердің бірі. Сонымен қатар визуалды жадыны дамыту үшін жаңа грамматикалық тема және де linking words тақтада жазылып тұрды. Балалар соларға қарап толық жауап бере алатындай дәрежеге жетті десем болады. Бірнеше жаттығулар істеп, сабақ соңында бұрыс етістікке байланысты тест болды. Жалпы мұғалім сабақ жақсы өтті деді. Әрине, кейбір қиыншылықтар болды. Кейбір оқушылар 1-2 жұма бойы сабаққа келмей жүрген, соларға алдыңғы сабақта өткен тақырыптарды түсіндіру, сонымен қатар жаңа сабақты түсіндіріп үлгеру деген проблемалар шықты. Қиыншылықтарды барынша жеңуге тырыстым. Жалпы сабақ жақсы өтті деп ойлаймын. Өз көңілімнен шықты.

Комментариев: 0

өндірістік тәжірибе 1. Дүйсенбі күн -сәтті күн. 2 ағылшын сабағы.

Бүгін мен бірінші рет ағылшын тілі мұғалімі ретінде 6 " А" сыныбына сабақ бердім.  Оларда жоспар бойынша екі ағылшын сабағы болғандықтан, 80 минут бойы оқушылармен жұмыс істедім. Myths and legends деген жаңа тақырыпты түсіндірдім, сабақ басталған кезде сергіту сәтін өткіздім. Қобалжуымды сабақ басталған кезде бірден ұмытып кеттім, себебі оқушылармен сөйлескенде бірден жаңа ортаға бейімделіп, өзіңді еркін сезініп  кетеді екенсің. Барынша ағылшын тілінде сөйлеуге мақсат қойған едім,  сол мақсатыма жеттім десем артық айтпаспын. Балалар да айтқан нәрсені тез жаттап алып, түсінбей жатса, кысылмай сұрап отыратын белсенді окушылар екен. Менен жатырқамай, ұялмай  сабаққа барынша қатысуға тырысты. Сабақты warm up activity-мен бастауды жөн көрдім. Сабақтың 2 кезеңіне 2 сергіту сәтін дайындадым. Біреуі tongue-twister, екіншісі Simon says ойыны. Сергіп қалған балалардың сабаққа деген ынтасы жақсы жаққа қарай өзгереді деген ойдамын. Басында біз Listening and Reading Task бастадық. Pre-listening үшін мәтінді көрсеттім. Содан соң 2 рет тректі тыңдыңдадық.  Жаңа сөздердің транскрипциясы мен аудармасын парақпен әрбіріне тараттым.  Сабақтың бірінші жартысында Listening, reading көп көңіл бөлінді. Екінші жартысында біз грамматикага көп көңіл бөлдік. Present Perfect және Past simple-дың айырмашылығына тоқталдық және соларға арналған жаттығулар істедік. Оқушылармен жұмыс істеу маған ұнады. «Осы мамандықты оқысам да, өмірімде мұғалім болмаймын» деп жүрген мен, бүгінгі күні өз көзқарасымның өзгергенін байқадым. Тіпті «мұғалім болған сондай жаман емес екен-ау» деген ойлар келді менің керемет басыма. Берген сабағымды 6 «А» сыныбының сынып жетекшісі әрі ағылшын тілі мұғалімі Ақмарал Нұрқановна және Ия-15қ группасының студенттері Батан Жанерке, Бахтибаева Асель мен Қалыбекова Жансая отырды. Жалпы бақылап отырған адамдардың ойынша бірінші сабағым сондай жақсы өтіпті, оларға бәрі ұнапты. Жалпы, субъективті түрде  баға беретін болсам, өткізген сабағым ойдағыдай perfect болған жоқ, бірақ practice makes perfect дегендей менің әлі  алда  үйренетінім көп. 

Комментариев: 2
накрутка тикток
Farida Amanzholova
Farida Amanzholova
Была на сайте никогда
26 лет (21.10.1997)
Читателей: 2 Опыт: 0 Карма: 1
все 4 Мои друзья