Өндірістік тәжірибе-2.
Биыл 4 курс студенті болғандықтан, өндірістік тәжірибе-2н і Мағжан Жұмабаев атындағы лицейде өтетін болдым. Былтыр да осы мектепте сабақ берген болатынмын, мұғалімдерді және оқушыларды, жалпы мектепті танитындықтан бәрі жақсы болады деген үміттемін.
Тәжірибенің бірінші күні мені 9 «А» сыныбына бекітті, сабақтарында алдыңғы аптада отырып шықтым. Сыныпта 21 оқушы, бәрімен танысып үлгерлім десем болады. Тәртіпті балалар, ағылшын тілінде жақсы сөйлейді, сабақта белсенді қатысып отырады. Наурызда ВОУД тапсырады екен, соған орай ағылшын тілі мұғалімі Ақмарал Нұрқановна маған ВОУД-қа дайындыққа тест дайындауға тапсырма берді. Өткен аптаның жұма күні солармен сабақтан кейін отырып, тестілеулерін тексердім. Жалпы үлгерімдері жаман емес😊

Бүгін екінші рет көрсетілімге дайындалдық. Сөздерді жаттап алыңдар деп кеше келісіп едік, 8 оқушының екеуі жаттамапты
Бірақ, әлі уақыт бар ғой, точнее екі күн бар. Жұма күні көрсетілім болады. Біз оның қайда болатынын да білмейміз! Кішкене абыржып тұрмын, ертең қалай бәрі болады екен деп. Акмарал Нұркановна ештеңе етпейді, жаттап алады, бәрі жақсы болады дейді. Бүгін колледждің ағылшын тілінен практиканттары болды. Бүкіл сценарийді өзім дайындап бергеннен соң, оларға декоративтік жағдай жасасын деп мұғалім тапсырма берді. Жалпы, жақсы қыздар. Ертеңге дейін бәрі дайын болады деді. Сол.


Жалпы, балалар сабаққа белсенді болды, әрине бәрі емес. Мен бұл жолы алдыңғы сабақта жауап бермей, үндемей отырған оқушыларды көздеп алдым. Олардың маған сөйлегендері, түсінгендері және сол туралы дәлелдер керек болды. 5 оқушының үшеуі бұл жолы алға прогресс жасады. Бұл бір менің жеткен жетістігім. Тапсырмалар орындадық, pronunciation practice жасадық. Сабақты бүгін Акмарал Нуркановна мен қоса Ия-14қ группасының 1 студенті бақылап отырды. Сабақтың ортасында Майра Еренгаиповна сабақты бақылау үшін келді. Сол кісіден жақсы Feedback алдым десем болады. Жалпы сабақ жақсы өтті деді. Өзім inner Фаридаға «бұл жолғы сабағың жаман емес, келесісін одан да жақсы өткіз» деп қойдым. Байқағаным, Practice makes perfect деген мақалдың жаны бар екен 



